"Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша қосымша қаржыландыру жоспарда жоқ" - Роман Скляр

Qaz365.kz редакциясы

Склярдың айтуынша, Үкімет жұмыстың өзіне тиісті бөлігін аяқтады

uralskweek.kz

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Склярдың айтуынша, Үкімет жұмыстың өзіне тиісті бөлігін аяқтады. Бюджеттен жеңілдетілген несиелендіруге 88 млрд теңге қаражат бөлінді, 100 млрд теңге утиль алымы қаражатынан берілді. 

"Айналымда бағдарламаны револьверлік қаржыландыруға бағытталған 188 млрд теңге бар. Бағдарламаның өзі өте танымал, сұранысқа ие, бірақ оған салған қаражат мөлшері – 188 млрд, бұл әзірге жеткілікті", - деді Роман Скляр Сенат кулуарында.