Мүфтият мәһрды алып тастай алмайды, бұл Шариғат талабы - ҚМДБ өкілі

Nur-Altay Umirzak

Күйеу тарапынан берілетін қалың мал "мәһр" болып есептеледі

Сурет: gov.kz

Күні кеше Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы некеге тұрған қызға беретін «қалың мал» мен мәһрды біріктіретін мәлім еткен. Осыған қатысты Facebook желісінде Мүфтият өкілімін деп таныстырған Дастан Құрманбаев басқаша пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Бәрі «Мүфтият мәһрді алып тастады» деп айтып жатыр екен. Мүфтият мәһрді алып тастай алмайды. Өйткені ол Мүфтияттың заңы емес, шариғаттың талабы. Мүфтият тек қалыңмалды мәһр деп берсе және қыз соған келіссе, мәһр орнына жүретінін ғана айтты.  «Күйеуі тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһрге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды», - дейді Дастан Құрманбаев.

Бұған дейін Мүфтият шешім бойынша күйеуі тарапынан берілген қалың малды қыз махр ретінде қабылдап, қолдана алады деп мәлім еткен.