АПВ-ға қарсы вакцинациялауды жоспарлау мен жүргізу тәсілдерін зерделеленеді
ДДСҰ-ның қолдауымен ҚР ДСМ-нің АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу жөніндегі жұмыс тобы нормативтік-құқықтық базаны жаңартты, стратегияларды әзірледі, халыққа және медицина қызметкерлеріне арналған білім беру материалдарын жасады, сондай-ақ ұлттық және субұлттық деңгейлерде әлеуетті арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осы тәжірибеге сүйене отырып, Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ), әсіресе ауылдық жерлерде, АПВ-ға қарсы вакцинациялауды жоспарлау мен жүргізу тәсілдерін зерделеу және екі елдің арасында тәжірибемен алмасу мақсатында Қазақстанға баруға қызығушылық білдірді.
Осылайша, ДДСҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінің үйлестіруімен 4-8 қараша аралығында Тәжікстаннан келген делегация (23 адам), оның ішінде денсаулық сақтау министрлігі мен ДДСҰ-ның Тәжікстандағы Елдік кеңсесінің @whotajikistan сарапшылары Шымкент қаласы мен Түркістан облысында іс-сапарын өткізбекші.
Бағдарлама шеңберінде осы 5 күн ішінде АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізуге дайындық бойынша оқыту семинарлары, ұлттық жоспарды әзірлеу бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ қалалық және аудандық жағдайларда емханалар мен мектептерге таныстыру сапарлары өтеді.