Түркістан облысында «Гравидар алды дайындық» тақырыбында медиіциналық тренингтер өткізіліп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан облысында туу жасындағы 464.016 әйел бар

Фото: Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы негізінде «Гравидар алды дайындық» және «Отбасын жоспарлау» тақырыптарында медициналық ұйымдарда семинар – тренинг өткізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үйлестіруші ретінде  «Кентау  қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны басшысының ана мен  бала  денсаулығын қорғау  жөніндегі орынбасары, Түркістан облысының штаттан тыс емхана  ісі  бойынша бас акушер  гинекологы Андабасова Алия Сагидулатовна  және  «Сайрам   аудандық орталық ауруханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны басшысының ана мен  бала  денсаулығын қорғау  жөніндегі орынбасары Қарасаева Лайла Орынбасаровна  тағайындалды. Аталған спикерлер облысымыздың барлық медициналық ұйымдарына  барып,  «Пренаталдық оқытумен қамтуды жақсарту» және Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін дамыту жөніндегі 2024-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында семинар-тренингтер өткізілуде.

Тренингтің  мақсаты – потенциалды ата-аналарға пренаталдық дайындық кезеңінде білікті медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, ана мен перинаталдық сырқаттанушылық пен өлімді төмендету.

Семинарға 700-ден аса дәрігерлер қатысты. Айта кететін жай, Түркістан облысында туу жасындағы 464.016 әйел бар.