Түркістан облысындағы үш ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды

Qaz365.kz редакциясы

Амбулаториялық емханалық көмек халыққа қызмет көрсетуден бірінші орын алады

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданынындағы үш ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Енді ауыл тұрғындары заманауи жабдықтармен жабдықталған дәрігерлік амбулатория жаңа ғимаратында медициналық көмек ала алады. Осы ретте Сарыағаш ауданындағы Жемісті ауылында ашылған дәрігерлік амбулатория 5110 халыққа қызмет көрсетеді. Мұнда акушер, гинеколог, стоматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер жұмыс істеп, күндізгі бөлім жатып ем алуға карастырылған.

Сонымен қатар Жаңа Тұрмыс дәрігерлік амбулаториясы 2000 халыққа қызмет көрсетеді. Мұнда жалпы тәжірибелі дәрігер, тіс дәрігер, Удз дәрігер қызмет көрсетеді және 5 төсек орын күдізгі стационарлық ем көрсетеді, әйелдер дәрігері жүкті әйелдерге қызмет етеді, екпе егу кабинеті жұмыс істейді. Одан бөлек, Тың елді мекенінен ашылған дәрігерлік амбулатрияда стоматолог, акушер гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігері жұмыс істейді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Сарыағаш ауданындағы үш шалғай ауылда екі фельдшерлік акушерлік бекет және дәрігерлік амбулатория ашылу жоспарлануда.

Жалпы амбулаториялық емханалық көмек халыққа қызмет көрсетуден бірінші орын алады. Амбулатория-емхана көмегін учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жасөспірімдер кабинеттерінің дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкерлері және бейін мамандары көрсетеді. Амбулаториялық емханалық көмектің маңызды ерекшелігі емхана дәрігерінің емдеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болып табылады. Амбулаториялық емханалық мекеме дәрігерлері профилактикалық жұмыс жүргізу кезінде диспанерлік әдісті қолданады.