Орталыққа демеуші есебінен емдік дене шынықтыру залына иппотренажер аппараты алып берілді
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ақ-бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 3 жастан 18 жас аралығындағы балаларға тәулік бойы стационарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгінде орталықта 175 төсек –орын, оның 95 төсек-орын жүйке-жүйесі органикалық зақымдалған балаларға, 80 төсек-орын тірек қимыл аппараты аурулары бар балаларға арналған. Оңалту орталығының мақсаты науқастың зақымданған ағзаларының қызметін мүмкіндігінше қайта қалпына келтіру, медициналық оңалту ,асқынулардың алдын алу, науқасты қоршаған ортаға және қоғамда толыққанды өмір сүруіне көмек беру болып табылады. Оңалту орталығына 2024 жылы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасынан ультрадыбыстық терапия аппараттары алып берілді. Осы ретте мекеме есебінен дорсонваль медициналық аппараты, пневмокостюмдер «Атлант», аяқ-қол механикалық тренажерлары, аяқ массажерлары, дефибрилятор аппараты, емдік дене шынықтыру залына гимнастикалық таяқшалар, гельді шарлар мен тактильді кілемшелермен ерекше балаларға түрлі өлшемдегі лангеттер алынды.
Сонымен қатар орталыққа демеуші есебінен емдік дене шынықтыру залына иппотренажер аппараты алып берілді. Одан бөлек, бөлімшеде «Аспан әлемі» -ғарышты зерттеу бөлмесі, ата-аналар мен балаларға арналған қазақша бөлмелер ашылды. Осы оңалту кешенінің жемісті әрі тиімді болуына баланың кө¬ңіл күйінің оң жағдайда болуы тікелей әсер ететінін ескере отырып, оларға өте кең ауқымда түрлі бағыттағы, психологиялық жай-күйінің орнықты болуына әсер ететін іс-шараларды кеңінен өткізіп отырған маңызды. Қорыта айтқанда, өңірде балалардың бақытты ғұмыр кешуіне түрлі жағдайлар жасалуда.