Түркістанда АИТВ инфекциясы туралы семинар өтті

Qaz365.kz редакциясы

АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру

Түркістандық тіс емханаларына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан қаласында орналасқан тіс емханаларына АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалып, аталған инфекция бойынша қолданыстағы бұйрықтар таныстырылды. Тарқата айтсақ, «Тұран дент», «DENTAL SERVIS», «ESTET DENT» және «NEW DENT 32» жеке тіс емханаларының медицина қызметкерлері арасында семинар өтікізілді.

АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. ЖИТС– аурудың соңғы немесе терминалды сатысы. Инфекция көзі – вирус жұқтырған адам, вирус тасымалдаушы немесе ЖИТС-пен ауыратын адам. Вирус тасымалдаушылар көбінесе жұқтырғанын білмей, өздерін сау деп санайды, өйткені оларда бірнеше жыл бойы ауру белгілері болмауы мүмкін.

Негізінен инфекцияның берілу жолдары мынадай. Ең әуелі жыныстық қатынас кезінде, яғни көптеген жыныстық қатынастары бар, әсіресе кездейсоқ немесе бейтаныс серіктестермен арқылы берілуі мүмкін. Одан бөлек, парентеральді қан арқылы берілу, ластанған қанды құю кезінде немесе қанмен ластанған құралдар арқылы, түрлі инъекциялар жүргізген кезде әсіресе нашақорлар арасында көк тамырға есіркіні енгізген кезде жұғады. Сонымен қатар, жүктілік және босану кезінде вирустың анадан балаға берілуі мүмкін. АИТВ  диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығындаи нәтиже береді. АИТВ-инфекциясына тексеруді жасырын түрде жүргізуге болады.