АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру
Түркістан облысына қарасты, Кентау қаласының жастарына «Жастар денсаулығы және АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аталған шараға колледж жастары мен мұғалімдері және жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Өз кезегінде орталықтың педагог маманы Марат Ануарұлы аталған инфекцияның клиникалық көріністеріне слаидтық көрсетілім арқылы түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Незінен АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. АИТВ диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығындаи нәтиже береді. АИТВ-инфекциясына тексеруді жасырын түрде жүргізуге болады. АИТВ қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады, сондай-ақ ауру жұқтырған анадан балаға босанғаннан кейін ананың сүті арқылы өтеді.
Айта кетейік, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы, не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы және симптомсыз кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Ауру дендеген жағдайда адамның иммундық жүйесі әлсіреуі салдарынан туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекция-лар мен ісіктер пайда болуы мүмкін.