Ордабасы ауданында сүт безі обыры туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

Qaz365.kz редакциясы

Екі сүт бездерінің симметриясына көңіл бөлу керек

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы орталық ауруханасының дәрігерлері емханаға келген жүкті әйелдерге сүт безі обыры туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу Дүниежүзілік сүт безі обырымен күрес күні қарсаңында өткізіліп, келушілеге үн парақшалар таратылды. Сүт безі обыры бүгінде Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады. ДДҰ деректері бойынша, бұл обыр қатерлі ісік диагноздарының 21%-ын құрайды. Әлемдік статистикаға сәйкес оныменижер шарындағы әрбір сегізінші әйел ауырады. Әйелдердің осы қауіпті ауру туралы хабардар болуын арттыру үшін жыл сайын 15 қазанда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады.  Бұл аурудың профилактикасы және ерте диагностикалау мақсатында 40 пен 70 жас аралығындағы әрбір әйел 2 жылда 1 рет сүт безі обырына маммологиялық скринингтен өтуі керек.

Дәрігерлердің сөзінше, сүт безінің қатерлі ісігінің жалпы ерте белгілеріне мөлшерінің, пішінінің өзгеруі, кеудеде түйіннің пайда болуы жатады, көбінесе ауырсынусыз болады. Сондай-ақ тартылу, қызару, жаралардың пайда болуы және сүт безінің терісіндегі басқа өзгерістер де бар. Сонымен қатар, емізіктен патологиялық немесе дақтардың пайда болуы қатерлі ісіктің дамуының белгілері болып табылады. Сондықтан кез келген қыз баласы өзінің сүт бездерінің жағдайына назар аударуы керек. Яғни айна алдында сүт бездерінің терісін мұқият тексеру керек. Онда "лимон қабығы" істеппес тері, қызару, қоюлану немесе қабыршақтану болмауы керек. Емізік айналасындағы тері таза және бөртпесіз болуы қажет. Екі сүт бездерінің симметриясына көңіл бөлу керек. Қазір көптеген қатерсіз түзілімдер құрылымы бойынша өзгеруде.