Төлеби ауданында суицидтің алдын-алу бойынша семинар өтті

Qaz365.kz редакциясы

Семинарда салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет екендігі сөз болды

Түркістан облысына қарасты «Төлеби аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының психо-әлеуметтік бөлім мамандары жоғарғы сынып оқушылары арасында зиянды әдеттер, отбасылық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасындағы күйзеліс пег суицидтің алдын-алу тақырыптары бойынша кең ауқымды семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Семинарда салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет екендігі сөз болды. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%-ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту қажет. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді. Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.

Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі.