Түркістандағы кардиореанимация бөлімшесі қалай жұмыс істейді?

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан облысында жыл басынан бері 108 сәбидің жүрегіне ота жасалды

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы ауруханасында ашылған кардиореанимация бөлімшесі ашылған. Онда жаңа туған нәрестелерді күрделі және ұзақ ашық жүрекке операциядан кейін күтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында жыл басынан бері 108 сәбидің жүрегіне ота жасалды. Осы ретте облыстық балалар ауруханасында туа біткен жүрек кемістігі бар балаларды тасымалдаудың жол картасы әзірленіп, дәрігерлердің Қызылорда мен Тараздан жүрек кемістігі бар нәрестені санавиация бортымен тасымалдау тәжірибесі бар. 

Ауруханада жаңа туған нәрестелерді күрделі және ұзақ ашық жүрекке операциядан кейін күтетін кардиореанимация бөлімшесі бар. Кардиология бөлімшесіндегі мейіргер дәрігер тағайындауларын уақытында және сапалы түрде орындап, дәрі-дәрмек көмегін көрсетіп, инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Пациент мектебі

Өңірде «University Medical Center» корпоративтік қоры мен балалар кардиологтарының қатысуымен жүрегінде ақауы бар балаларға диагностикалық тексерулер жүргізіліп, консультация берілді. Одан бөлек, жүрек ақауымен есепте тұратын балалардың ата аналары мен шаранасындағы балада жүрек ақауы анықталған жүкті әйелдер үшін арнайы «пациент мектебі» өткізіліп, кеңестер берілді.