Жыл басынан бері Түркістан облысында 108 сәбидің жүрегіне ота жасалған
Түркістан облысында жыл басынан бері 108 сәбидің жүрегіне ота жасалған. Өңірде кардиохирургия саласы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Түркістанда Қазақстан балалар жүрегін емдеу жөніндегі мамандар қоғамының «Күннен – жүрекке: балалар кардиохирургиясы мен кардиологиясындағы коммуникациялар» атты ІІ Халықаралық Конференциясы өткізілді.
Оған Ресей, Беларусия, Польша, Қырғызстан және еліміздің басқа да қалаларынан жиналған кардиолог, кардиохирург және интервенционды кардиолог дәрігерлері қатысты. Жиынға қатысушылар балалардағы жүрек ауруларын емдеудегі өзекті мәселелерді талқылап, өз тәжірибелерін бөлісті. Аталмыш тәжірибе алмасу жұмыстары Түркістан облысының балалар кардиохирургиясы дамуының 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Жыл басынан бері Түркістан облысында 108 сәбидің жүрегіне ота жасалған. Өңірде кардиохирургия саласы қарқынды дамып келеді. Конференция аясында Түркістан облыстық балалар ауруханасында еліміздің бас балалар кардиохирургі «University Medical Center» корпоративтік қоры балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Горбуновтың қатысуымен жаңа туған нәрестелерге күрделі оталар жасалды.