Түркістан өңірінде үш дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді

Qaz365.kz редакциясы

Дәрігерлік амбулатория Сарыағаш ауданындағы Жемісті ауылында 5110 халыққа қызмет көрсетеді

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданынындағы үш ауылдың тұрғындары енді заманауи жабдықтармен жабдықталған дәрігерлік амбулаторияның су жаңа ғимаратында медициналық көмек алатын дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталмыш дәрігерлік амбулатория Сарыағаш ауданындағы Жемісті ауылында 5110 халыққа қызмет көрсетеді. Мұнда акушер, гинеколог, стоматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер жұмыс істейді. Ал жатып ем алуға карастырылған күндізгі бөлімі бар.

Өңір басшысы Дархан Сатбалдының айтуынша, аймақта халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, саланың инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен қатар 2000 халыққа қызмет көрсетіп жатқан Жаңа тұрмыс дәрігерлік амбулаториясында тәжірибелі дәрігерлер, тіс дәрігер және Удз дәрігер қызмет көрсетеді. Күндізгі стационарлық ем көрсететін 5 төсек орын мен екпе егу кабинеті жұмыс істейді. Одан бөлек, Тың елді мекенінен ашылған дәрігерлік амбулатрияда стоматолог, акушер гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігері жұмыс істейді.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Сарыағаш ауданындағы үш шалғай ауылда екі фельдшерлік акушерлік бекет және дәрігерлік амбулатория ашылу жоспарлануда.