Павлодарда биыл да 52 млн теңгеге шырша орнататын болды

Qaz365.kz редакциясы

Былтыр да Павлодарда орталық алаңға 52 млн аса теңгенің шыршасы қойылған еді

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірде жаңажылдық безендірулерге қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалаларды безендіруге бөлінетін қаржы әр қалаға 50-60 миллион теңге аралығында. Мысалы Екібастұзға 38 миллион теңге, Павлодарға 52 миллион теңге беріледі. Қаржының басым бөлігі мұз қалашығын салуға, көшелерді жарықтандыруға бөлінген, - дейді әкім.

Айта кетейік, былтыр да Павлодарда орталық алаңға 52 млн аса теңгенің шыршасы қойылған еді. Ол сосын желдің екпініне шыдамай құлап қалған болатын.