Руза Бейсенбайтегін жындыханаға неге қамады? Әкім жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Полиция қызметкерлері өздігінен жындыханаға апарған жоқ.

Qaz365.kz.

Биыл қаңтар айында Павлодарда тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін жындыханаға қамап, бір күннен шығарған болатын. Бүгін осы жағдайға қатысты Орталық коммуникациялар алаңында облыс әкімі Асайын Байханов жауап берді  Qaz365.kz.

Менің білуімше, полиция қызметкерлері өздігінен жындыханаға апарған жоқ. Бұл жерде жеке тұлғадан арыз түсті. Телефонмен хабарласып, «Бізге агрессия көрсетті» деп шағымданған. Осыдан кейін тіркеуге алып, жындыханаға апарған.  Мен бірден идеологиялық мәселелер бойынша орынбасарымды жібердім. Бірден ауруханадан шығарып алды. Полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тарту деген менде ақпарат жоқ. Құқық қорғау органдарының өкілдерін қателік жасады деп айыптауға келмейді, - дейді  Асайын Байханов.

Сұрақ қойған тілші сонда осылай «әкімдікке ұнамайтын белсенділерді» жындыханаға қамай бересіздер ме деген еді. Бірақ  Асайын Байханов бұл сұраққа нақты жауап бермеді. Тек Руза Бейсенбайтегін жақсы білетінін, үнемі тікелей байланыста екенін, бірнеше рет қабылдауында болғанын айтты.

Қала әкімі болған кезде де бірнеше рет қабылдағанмын. Біз әр белсендімен тығыс жұмыс істейміз. Енді не үшін жындыханаға жеткізгенін келсек, «102-ге» арыз түскен соң, полиция қызметкерлерге келген. Бірақ ол кісі тыңдамаған. Сөйтіп, жындыханаға апарған. Мен естіген бетте орынбасарым мен қала әкімін жіберіп, мәселені шештік, - дейді әкім.