Түркістан облысында 142 тұлғаның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған

Nur-Altay Umirzak

Облыс прокуратурасы пробациялық бақылаудан тыс қалған құқық бұзушылықтарды анықтап отыр

Сурет: dzen.ru

Түркістан облысында есепте тұрған 142 тұлға түзеу мекемесіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында тексеру барысында 321 сотталғанның белгіленген уақытта тұрғылықты мекенжайларында болуы тексеріліп, заң бұзушылыққа жол берген 9 есептегі тұлға анықталған.

“Облыс прокуратурасы пробациялық бақылаудан тыс қалған 77 құқық бұзушылықты анықтады. 43 тұлғаға қатысты бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолданып, 9 тұлғаға қатысты үкім өзгертілді”, – делінген Түркістан облыстық прокуратурасы хабарламасында.

Бұдан бөлек, биыл жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы 142 ұсыныс қанағаттандырылған.