Мерекелер қарсаңында пойыз билеттерінің бағасы қымбаттай ма – министр жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

1 қазаннан бастап пойыз билетінің бағасы өскен

Фото: ҚТЖ

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жолаушылар үшін пойыз билеті қымбаттамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдағы мерекелерде де ешқандай өзгеріс болмайды, (пойыз билетінің) бағасы қалыпты болады. Биыл 1 қазаннан бастап жолаушылар үшін пойыз билетінің бағасы өсті. Одан басқа алдағы уақытта қымбаттату жоспарланып отырған жоқ, – деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Айта кетейік, 1 қазаннан бастап пойыз билетінің бағасы өскен еді.