Доллар бағамы қымбаттады
28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Ол жақта бір доллар 518 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін Алматыда 1 доллар 518-520 теңгеден сатылып жатыр. Астанада 513-515 теңге көлемінде.
Ал Ұлттық банктің ресми бағамы – 499,51 теңге.
Еуро бағамына келсек, Алматыда 543 теңгеден, Астанада 540 теңгеден саудаланып жатыр.