Доллар 536 теңге: Қазақстанда дефолт бола ма – министр жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Фото: t.me/KZgovernment

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанда теңге мен инфляцияның құлдырауы аясында ешқандай дефолт болмайтынына сендірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ешқандай дефолтты күтіп отырған жоқпыз. Бізде тұтастай алғанда, тұрақтылық бар, мемлекеттің тұрақты резерві бар, сондықтан мұнда ешқандай дефолт туралы айтудың қажеті жоқ»,- деді ол.

Айта кетейік, 2 желтоқсан күнгі бағам бойынша бір доллардың құны 530-536 теңгеге жетті.