Қазығұрттық әйелдерге прегравидальды дайындық кезеңдері түсіндірілді

Qaz365.kz редакциясы

Кездесу барысында прегравидальды дайындық, яғни әйелді жүктілікке дайындау процесі жөнінде сөз қоғалды

Түркістан облысына қарасты, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында әйелді жүктілікке дайындау процесі және емдік шаралар жөнінде семинар өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу барысында прегравидальды дайындық, яғни әйелді жүктілікке дайындау процесі жөнінде сөз қоғалды. Ол болашақ ана мен баланың денсаулығын оңтайландыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтиды.

Мұндай іс-шараларға жүктілікке әсер етуі мүмкін ауруларды анықтау үшін гинекологтың және басқа мамандардың қарап-тексеруі мен жүктілік кезінде нәрестеге берілуі мүмкін инфекциялар мен вирустарға тест жүргізу жатады. Сонымен қатар, баланың сау дамуы үшін барлық қажетті дәрумендер мен минералдардан тұратын оңтайлы тамақтануды таңдау мен болашақ ананың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектесетін тұрақты жаттығулар кіреді.

Бұдан бөлек, семинарда жүктілік кезінде темекі шегу және алкогольді ішу сияқты жаман әдеттерден бас тарту, дәрігер ұсынған дәрумендік кешендерді қабылдау және психологиялық дайындық – осы кезеңнен өткен басқа әйелдермен әңгімелесу, арнайы әдебиеттерді оқу және психологпен кеңесу. Бұл шаралардың барлығы әйелге жүктілік пен босануға дайындалуға, сондай-ақ болашақ нәресте үшін сау бастаманы қамтамасыз етуге көмектесетіндігі айтылды.

Негізінен, прегравидарлық дайындық – ерлі-зайыптылар жұбын толыққанды ұрықтандыруға, жүктілікті көтеруге және дені сау баланың тууына дайындауға бағытталған диагностикалық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешені. Ұтымды жоспарланған алдын-ала алдын-ала прегравидарлық дайындық туа біткен ақаулары бар балалардың туылу ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді.