Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясының алдын-алу – қауіпті аурумен күресудің тиімді әдістерінің бірі
Түркістан қаласында 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған шарада орталықтың эпидемиолог дәрігері Ғазиза Атамбайқызы 10 айда атқарылған жұмыстар бойынша көрсеткішті таныстырды. Бұдан бөлек, акцияға қатысушы тұрғындарға АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпараттар берілді. Шараға облыстық БАҚ өкілдері ат салысып, тұрғындар арасында профилактикалық шараларды кеңінен жүргізуге қолдау білдірді. Сонымен қатар, жиында аталған инфекцияның клиникалық белгілері мен одан сақтану шараларын айтылды. Қатысушылар өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік берілетін орталықтың тегін қызметіне жүгінуге шақырылды.
Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясының алдын-алу – қауіпті аурумен күресудің тиімді әдістерінің бірі. Бүкіл әлем ғалымдары жақын арада АИТВ-ға қарсы тиімді құрал әзірленуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Бұл салада кейбір жетістіктер болса да, инфекцияға қарсы вакцина әлі ойлап табылмаған. АИТВ инфекциясы жыныстық қатынас арқылы, екінші жолы екіқабат әйелдерден балаға немесе жаңа туған нәрестеге, үшінші жолы қан арқылы, нашақорлар арасында жиі кездеседі. АИТВ диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығындаи нәтиже береді.
Айта кетейік, АИТВ-инфекциясының тек осы ауруға тән айрықша белгілері мен симптомдары болмайды және ол зертханалық тексеру кезінде, атап айтқанда адамның қанын талдау кезінде анықталады. АИТВ-оң статусы бар адам өзінің жұқтырғаны туралы күдіктенбеуі мүмкін, мұндай жағдайларда АИТВ қосалқы аурулардың бірігуінен кеш анықталып жатады.