Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

Nur-Altay Umirzak

Олар ойынды жүргізіу үшін «Instagram-да» 402 мың оқырманы бар парақшаны сатып алған

Сурет: resbash.ru

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 5 адам сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәлімдеме жасады.

Қызылорда және Ұлытау облысында тұратын бес адам әлеуметтік желіде «Карта-Лото» атты заңсыз құмар ойын ұйымдастырған.

«Қаңтар-шілде аралығында олар 69,8 млн теңгеден астам табыс тапқан. Соттың үкімімен сотталушыларға 2 жыл 6 ай мен 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.

Олар сол үшін қаңтар айында «Instagram-да» 402 мың оқырманы бар парақшаны сатып алған екен. Қазіргі уақытта қылмыс материалдары тексеріліп, зардап шеккен азаматтардың толық арыз-шағымдары қарастырып жатыр.