Заңсыз шығарылған активтер есебінен Шымкентте жатақхана салынатын болды

Nur-Altay Umirzak

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Сурент: nnov.hse.ru

Заңсыз шығарылған активтер есебінен Шымкентте жатақхана салынатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Елге қайтарылған активтер есебінен «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» тәрбиеленушілері үшін 300 орындық  заманауи жатақхана салынады.

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

“Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған”, – делінген Үкімет мәлімдемесінде.

Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінің ғимараты 1975 жылы салынған. Орын тапшылығына байланысты ондағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлме ретінде жабдықталған.