Сегіз вагоннан тұратын медициналық пойызда ота жасайтын шағын бөлме, зертхана бар
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылына келіп тоқтады. Ауданда 24 сағат тұрақтайтын медициналық пойыз ауыл тұрғындарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов аудан мен ауыл тұрғындарын профилактикалық тексерістен өтуге шақырды. Сегіз вагоннан тұратын медициналық пойызда ота жасайтын шағын бөлме, зертхана бар. Сондай-ақ, терапевт, офтальмолог, тіс және лор дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр мамандары бар. «Саламатты Қазақстан» пойызының биылғы ерекшелігі - тұрғындар тегін заңгерлік кеңес те алды. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 06-07 қараша күндері ауданға қарасты Бадам станциясында 360 ауыл мен барша аудан тұрғындарына тегін медициналық кеңес пен көмек көрсетілді. Жоба аясында әлеуметтік жағынан мұктаж топтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет жобаға биылдан бастап кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, олар тұрғындардың әртүрлі топтарына тегін медиация және заңгерлік көмек береді. Тараптарға мәселелерді шешуде тегін әлеуметтік көмек көрсетіледі, даулар мен жанжалдар сотқа дейін және сотта медиация тәртібімен және оларды одан әрі жан-жақты қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқықтары, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселелері бойынша тегін кеңестер беріледі, төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер туралы ақпарат ұсынады.