«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары шалғайдағы ауылдар мен станциялардың 60 мыңға жуық тұрғынын, оның ішінде 14 мыңнан астам бала қарап-тексерілді
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Арыс қаласындағы Монтайтас ауылына келіп тоқтады. Ауданда 24 сағат тұрақтайтын медициналық пойыз ауыл тұрғындарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шарада сөз алған Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қала мен ауыл тұрғындарын туындаған мүмкіндіктен құр қалмай профилактикалық тексерістерден өтуге шақырды. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 1-2 қараша күндері қаладағы Монтайтас станциясында ауыл мен барша қала тұрғындарына таңертеңгі сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сегіз вагоннан тұратын медициналық пойызда ота жасайтын шағын бөлме, зертхана бар. Сондай-ақ, терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр мамандары бар. «Саламатты Қазақстан» пойызының биылғы ерекшелігі тұрғындар тегін заңгерлік кеңес ала алады.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары шалғайдағы ауылдар мен станциялардың 60 мыңға жуық тұрғынын, оның ішінде 14 мыңнан астам бала қарап-тексерілді. Ауруханалар мен дәрігерлер жоқ ауылдық аумақтардың тұрғындары бейінді мамандардың консультацияларын, аспаптық және зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, 165 мыңнан астам білікті медициналық қызметтерді ала алды. Өткен жылмен салыстырғанда пойыз рентген аппаратымен, маммографпен, ЭЭГ, сигмоидоскоппен, калькоскоппен жабдықталған. Медициналық қызмет көрсету барысында бірқатар ерекше жағдайлар анықталды, олар уақтылы диагноз қойылып, емдеудің одан әрі тәсілі бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Медициналық пойыздарда егде жастағы адамдарға, балаларға, сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж адамдарға ерекше назар аударылады.