Дәрігерлердің айтуынша, көптеген адамдарды медициналық мекемелерде жұқтыру мүмкіндігі қауіптендіреді
Түркістан қаласының тұрғындарына 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шараны өткізудегі мақсат – тұрғындар арасында профилактикалық шаралар жүргізе отырып, АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтануға шақыру. 150-ге тарта тұрғынды қамтыған бұл шарада аталған инфекцияның клиникалық белгілері мен одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар, қатысушыларға өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік беріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Дәрігерлердің айтуынша, көптеген адамдарды медициналық мекемелерде жұқтыру мүмкіндігі қауіптендіреді. Бірақ, қазіргі заманғы медициналық құрал-саймандарды тазалау әдістері вирустың толық жойылуына кепілдік береді. Ал қолданылатын қан препараттары және донорлардан алынған басқа биологиялық материалдар зертханалық зерттеуге душар етіледі. Негізінен иммун тапшылығы вирусы тек адамнан адамға жұғады және АИТВ инфекциясы ауыруын туғызады. Адам ағзасы жұқпа жұқтырғаннан кейін АИТВ-ны көптеген жылдар бойына бақылауда ұстай алады. Біртіндеп иммунды жүйе соншалықты әлсіреп, бұдан соң ағзаны қорғай алмайтын болады.
ЖИТС-бұл АИТВ-жұқпасының соңғы даму сатысы. ЖИТС-тің білінуі әртүрлі, негізінде ол оппортунистік ауыру: пневмоцистік пневмония, туберкулез, терінің және ішкі ағзалардың зеңдік зақымдануы, ұшық, токсоплазмоз, Капош саркомасы, ісіктік және басқа да аурулар. АИТВ-жұқтырудың алдын алу үшін кездейсоқ жыныс аралық қатынастан, инъекциялық есірткі жабдықтарын қолданатындармен жыныстық қатынасты болдырмау, тән аралық тәртіпсіз қатынаста болатын жандардан аулақ болу қажет.