Жалпы АИТВ-инфекциясы – ұзақ уақытқа созылатын ауруларға жатады
1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Түркістан қалалық емханасына Ашық есік күні өтті. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарының ұйымдастыруымен өткен шарада инфекцияның алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Дұрыс жолды таңдаңыз-адам құқықтары жолын" тақырыбымен өткізілген бұл шарада аталған инфекцияға шалдыққан адамдар ешқандай стигма, дискриминацияға ұшарамайтыны жайлы да ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік алған тұрғындар, орталық мамандарына алғыс білдіріп, осындай шараларды халық арасында жиі өткізуге ұсыныс білдірді. Мамандар жастарға аталған инфекцияның қаншалықты қауіптілігі екендігін түсіндіріп, аурудың алдын алу шаралары бойынша ашық түрде пікір алмасты.
Жалпы АИТВ-инфекциясы – ұзақ уақытқа созылатын ауруларға жатады. АИТВ-ны жұқтырудан ЖИТС-тың толық клиникалық көрінісінің көрінісіне дейінгі кезең 5 жылдан 10 жылға дейін созылады, дегенмен қазіргі заманғы емдеу тәсілі АИТВ-инфекциясының өршуін және оның ЖИТС сатысына өтуін баяулатады. Бірақ, АИТВ жұқтырған адам басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін. АИТВ-инфекциясын жұқтырғаннан кейін, әдетте, ауру ұзақ уақыт бойы көрінбейді. Мұндай жағдай 10 жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін. Алайда, инкубациялық кезең орта есеппен 3 аптадан 3 айға дейін, ену сәтінен бастап вирустың тез көбеюіне дейін созылады. Вирусты анықтау және қажетті антиденелерді шығару үшін әр ағза әртүрлі уақытты қажет етеді, бірақ көп жағдайда АИТВ-ға антиденелер инфекциядан кейін 10-12 күннен кейін белсенді түрде өндіріле бастайды.