12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынады: Министрлік не дейді?

Qaz365.kz редакциясы
Фото: freepik.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ата-аналарға 12 жасқа дейінгі балаларын үйде жалғыз қалдыруға заңмен тыйым салуды ұсынған болатын. Осыған қатысты Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан пікір білдірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл ұсыныс ретінде айтылды. Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ананың рөлі өте маңызды деп есептейміз. Мұны біз бірнеше рет айтқанбыз. Әрине, ата-аналар барлық уақытта балаларының жанында болуы қажет. Дегенмен, бұл ұсыныс мұқият талқылауды талап етеді. Ата-аналар қауымының да, мемлекеттік органдардың да пікірін ескеру қажет", – деді Еділ Оспан.

Оның айтуынша, егер ұсыныс заң жобасы түрінде рәсімделсе, бірден талқылаулар басталады.

Жауапкершілікке келетін болсақ, бұл қоғам мен құзырлы мемлекеттік органдардың пікірі ескеріліп, талқылау барысында белгілі болады, – деді вице-министр. 

Бұған дейін Динара Зәкиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынған болатын.