Астанада LRT-ның №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 метрін төсеу аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады.
Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Жолды төсеу заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
Келер жылдың жылы кезеңінің басталуымен эстакаданың барлық ұзындығына рельстерді төсеу басталады. Қыс мезгілінде қажетті материалдар дайындалады.
Эстакаданың рельс жолдарын төсеуді аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.