Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларын ескертусіз тексермек

Nur-Altay Umirzak

Бүгінде осыған қатысты норма Мәжілісте талқыланып жатыр

Сурет: zhaikpress.kz

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларын ескертусіз тексеруді ұсынды, деп хабарлайды  Qaz365.kz. Бұл жайында ҚР Денаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев журналистерге айтып берді.

“Бүгінде осыған қатысты норма Мәжілісте талқыланып жатыр. Өйткені ведомство “Кәсіпкерлік кодексінің” аясында мектептерді алдын ала хабарлама жіберу арқылы ғана тексере алады. Бірақ сол аралықта олар кемшіліктерін жасырып үлгереді, – дейді вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.

 Биылдың өзінде 578 бала мектепте тегін тамақтан уланған. Бұл өткен жылға қарағанда 4 есе көп. Сондықтан оқушыларды тамақтандыру үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.