«Нұрқанат өзі өлетіндей бала емес еді». Шерзат Болаттың әкесі інісінің өлімі туралы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін түнде Талғар маңында Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылған болатын. Осы ретте марқұмның ағасы  Қаржаубай Нұрымов баурының суцид жасады дегеніне сенбейтінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Нұрымов ұлының бейіт басында жүр екен. Айтуынша, Нұрғанат осы маңнан табылған. Оның сөзінше, бейіт басы жақтан Нұрғанаттың ізін аңдып келіп құзға жеткен. Содан төмен түскен жерден іздеп таптық деді.

Қаржаубай Нұрымов «інісін суицид жасауға итермеледі» деп санайды. “Нұрғанат өлетіндей бала емес еді”  деді ол.

Нұрымов «інісінің өліміне байланысты әділ тергеу жүруі керек» деп санайды.

Айта кетейік, бүгін түнде Талғар маңында Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылған болатын. Ресми органдар оның асылып қалғанын хабарлап отыр.