Алматының орталық көшелеріндегі ойықтар – тұрғындар сапасыз жолдарға шағымданып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Олар шаһардың орталық көшелеріндегі шұқырлардың автокөліктер мен жүргізушілерге айтарлықтай қиындық туғызып отырғанын айтуда

Коллаж Qaz365.kz

Qaz365.kz редакциясына қала тұрғындарынан жол сапасына байланысты шағымдар көптеп түсуде. Олар шаһардың орталық көшелеріндегі шұқырлардың автокөліктер мен жүргізушілерге айтарлықтай қиындық туғызып отырғанын айтуда.  

Назарларыңызға Алматы көшелеріндегі шұрқ-тесік жолдарды ұсынамыз:


1. Торайғыров пен Саин көшелерінің қиылысындағы шұқанақтың жатқанына бірнеше айдың жүзі болды. 


2. Торайғыров-Кекілбайұлы көшелерінің қиылысындағы "Меганың" жанындағы шұңқырдың жанынан жайлап өткен көліктер кептеліс туғызады.


3. Мына опырылып жатқан шұқанақ та осы жолда кесе-көлденең жатып алған.


4. Байзақов-Сәтпаев қиылысындағы жолдың жартысының беткі қабатын алып тастағаннан пайда болған шұқыр. 


5. Брусиловский-Райымбек көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жол арқылы өтетін арықтың жай-күйі