"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу болады

Qaz365.kz редакциясы

Ипокеалық бағдарлама

Фото: ашық дереккөзден

"Алматы жастары" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іріктеудің бұл кезеңі биыл 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық кезеңде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе дұрыс тапсырмау себебінен оң шешім алмаған азаматтарға ғана қолжетімді болады. 

Өтінім жіберушілер туралы ақпарат almaty-zhastary2024.kz сайтының басты бетінде – "Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі" бөлімінде қолжетімді. Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген. 

Қосымша түсініктемелер мен консультациялар алу үшін азаматтар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының +7 (727) 225 14 57 көпарналы телефоны арқылы жүгіне алады.