Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов бостандыққа шығуы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Олар сотқа өтініш тапсырған

Фото: ашық дереккөздерден

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметті растап, материалдардың аудандық сотқа қарауға түскенін хабарлады.

Олар сотқа өтініш тапсырған.

"Түрксіб аудандық сотына жаза түрін ауыстыру (ЖТА) бойынша материал келіп түсті. Өтінішті қарау жақын арада өтеді", - деп жауап берді соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2023 жылдың маусымында Төребаев пен Шерниязов қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық жасау бойынша кінәлі деп танылған болатын. Олардың әрқайсына бес жылдан жаза тағайындалды. Бұл іс бойынша басқа фигуранттар 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.