Оның жазасы төтенше тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шыққан
12 жасар өгей қызын зорлаған Абай облысының тұрғынына сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл жайында Абай облыстық соты баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
«Әйелінің жоқтығын пайдаланып, ол 12 жасар өгей қызына бір стақан шарап ішуге мәжбүрлеген. Біраз уақыттан кейін ол диванда жатып, жас жәбірленушіні қасына жатқызып, фильм көруге шақырған. Осы уақытта ол кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттерді жасауға бағытталған қылмыстық ниетті дамытқан.Зорлық-зомбылық қолданып, белсенді қарсылық көрсетіп, айғайлағанына қарамастан, оның киімін шешіп алып, жәбірленушіге сексуалдық әрекеттер жасаған», — делінген сот мәлімдемесінде.
Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген. Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын төтенше тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарды.