Тізімде бар, балабақшада жоқ - жекеменшік бөбекжай мемлекеттің 8 миллион қаржысын жымқырған

Nur-Altay Umirzak

 Алаяқтық жасағандар сотталып, келтірілген шығын толығымен өндірілген

Сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте жалған мәлімет беру арқылы мемлекет қаржысын жымқырғанекі жекеменшік балабақша құрылтайшысы сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы екі балабақшада бала санына қатысты жалған мәліметті анықтаған.

“Олар Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәлімет ұсынып, қаржы алып келген. Осылайша 8 млн теңгеден астам бюджет қаржысын иеленген.Қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттың үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағаны сотталып, келтірілген шығын толығымен өндірілді”, – делінген прокуратура хабарламасында.