Көп әйел алу үшін бірнеше шарт орындалуға тиіс
Ресей мұсылмандарына көп әйел алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов айтып берді.
Оның айтуынша, ресейлік мұсылмандарға төрт әйел алуға тек белгілі шарттарды орындаған жағдайда рұқсат етіледі.
Шарттары:
- Ең бастысы ер адам әйелдеріне тең қарауы керек.
- Егер ерлі-зайыптының денсаулығына байланысты немесе жұбайы бала көтере алмаса, рұқсат етіледі.
- Ер адам қамқорлығына алған әйелінің балаларын да асырауға міндетті.
- Оған қоса тағы да шаңырақ көтеретінін қазіргі әйеліне ескерту керек.
- Сондай-ақ мұсылман азамат әйелдерінің әрқайсысын баспанамен қамтуға тиіс.
Егер еркектің осы шарттарға шамасы келмесе, тағы да неке қиюына тыйым салынады.