Алматыда көшеде намаз оқимын деп жолды жапқан 30 адам жазаланды

Qaz365.kz редакциясы
Видеодан скриншот

Алматы қаласында жолды жауып, намаз оқығаны үшін 30-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Құқық бұзушыларға қатысты келесі шаралар қабылданды: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабын (Көлік қозғалысына кедергі келтіру) бұзғаны үшін 30-дан аса даам әкімшілік жауапқа тартылды. Алматы қаласы полиция департаменті азаматтарды заңға бағынуға шақырады және мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтінін атап өтеді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 6 желтоқсан күні Алматыда бір топ адам жолдың адамдар жүретін бөлігінде намаз оқып, көлік қозғалысын тоқтатып тастаған еді. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай Медеу ауданында болған.