Өрт сөндірушілердің арқасында зардап шеккендер мен жарақат алғандар болған жоқ.
Шымкентте «Астана» алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі кезінде электр сымдары қысқа тұйықталып, шыршаның біраз бөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілікте тұрған қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт 4 минут ішінде оқшауланып, толықтай сөндірілді.
Өрт сөндірушілердің арқасында зардап шеккендер мен жарақат алғандар болған жоқ.
ТЖМ жаңа жылдық мерекелермен байланысты іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, Шымкентте биыл бас шыршаның шамын жағу рәсімі ерекше ұйымдастырылған. Бұл күні шымкенттіктер түрлі шоуларға куә болды. Әкімдік мәліметінше, елімізде бұрын-соңды болмаған лазер шоу ұйымдастырылды.