«Жағдайы» ауыр». Шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы мәлімет берді

Qaz365.kz редакциясы

Ол 49 мектепте жұмыс істейді.

qalamger.kz

22 желтоқсанда Семейде қаласының шыршсын безендіру кезінде жергілкіті мұғалім Қуат Айтқалиев құлап, жансақтау бөліміне түсті. Оның жағдайы туралы досы Біржан Ахмер әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде жазушы, ұстаз Қуат Айтқали досымыз аяқасты жоғарыдан құлап, реанимацияға түсті.Ол 49 мектепте жұмыс істейді. Қазір науқастың жағдайы ауыр.Мәселеге тікелей қатысы бар тұлғалар ел алдында жауап береді деп ойлаймыз. Қуаттың денсаулығы мектеп басшылығына емес, өзіне, отбасына керек. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тарту қаншалықты дұрыс? Досыма амандық тілеймін. Тезірек сауығып кетсін, - деп жазды ол.

Бұған дейін Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктіктен құлап зардап шеккенін жазғанбыз. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті.