Қарағандыдағы түзеу мекемесіндегі 565 сотталушыға тиісті тамақ берілмеген

Nur-Altay Umirzak

Оларға ет пен жемістердің тиісті нормаға сай мөлшері берілмеген

Сурет: Informburo.kz

 

Қарағанды облысының түзеу мекемелерінде ауруға шалдыққан сотталғандар өздеріне тиісті мөлшерде тамақтанбаған,  деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Прокурорлар Қарағанды облысындағы түзеу мекемелерін тексеру кезінде қатерлі ісіктерден, бүйрек, асқазан-ішек және эндокриндік аурулардан зардап шегетін 565 сотталушының құқықтарының бұзылғанын анықтады. Бұл сотталғандар қажетті өнімдердің, соның ішінде ет пен жемістердің тиісті нормаға сай мөлшерін қабылдамағаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік жазамен 12 жауапты тұлға жазаланды”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Мәселе облыстық үйлестіру кеңесінің отырысында көтеріліп оның нәтижелері бойынша уәкілетті органдар үшін ұсынымдар әзірленген.