Әскерде жүріп, мүгедек болған Ербаян Мұхтар елге қашан оралады? Министр жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Оның Қазақстанға оралуына қатысты бүгін Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ербаянның қасында құқық қорғаушы Инга Иманбай бар. Осыдан үш-төрт күн бұрын сол кісімен хабарластық. Ербаян емін алып жатыр. Жылдың аяғында Қазақстанға қайту жоспары бар еді. Бірақ содан кейін дәрігерлер қосымша ем тағайындауына байланысты қайту мәселесін өздері қабылдайтын болады. Негізі 27 желтоқсанда елге келуі тиіс еді. Біз Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емделіп жатқан, ауыр хәлде жатқандардың барлығын тасымалдау, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан іске асырылуда. Осыған байланысты Қазақстанға қайту кезінде санитарлық авиация арқылы жеткізу ұйымдастырылатын болады, - деді министр.

 Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі сарбазы Ербаян Мұхтар бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен. Әскерилер отбасына оның дәретханаға құлап, басын плитаға ұрғанын хабарлады. Туыстары бұл нұсқамен келіспеген. Ал ІІМ Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов Ербаянның әжетханада құлағанын көрген куәгерлер барын, сол себепті оны ұрып-соқты деп айту әлі ерте екенін мәлімдеді

Осы жылы қыркүйек айында оны Стамбұлдағы «Медикал Парк» емханасына емдеуге апарды.