Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты

Qaz365.kz редакциясы

Оған «ұсақ бұзақылық жасады» деп айып тағылған. 

Фото: скриншот

Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов босап шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ақпарат Шерзат ісінің адвокаттары құрған justice_for_sherzat парақшасында жарияланды.

Қаржаубай Нұрымовты 10 желтоқсанда полиция ұстап, кейін әкімшілік соттың шешімі бойынша 15 күнге қамауға алынған болатын. Оған «ұсақ бұзақылық жасады» деп айып тағылған. 

Онымен бірге бір қарындасы 15 күнге қамалып, екіншісіне айыппұл салынған.