Жаңа өзгеріс – мемлекеттік балабақша арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған
Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралып, өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Үкімет мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарап, бірнеше шешім шығарған.
“Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады және баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, бала үшін таңдалған мекемеге беріледі. Мұндай механизм жеке және мемлекеттік балабақша арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған”, – делінген Үкімет хабарламасында.
Қазіргі уақытта бұл механизм Қазақстанның төрт қаласында – Тараз, Шымкент, Түркістан және Оралда пилоттық режимде енгізілген. Алдағы уақытта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарланып жатыр.