Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан Әзірбайжан әуе жолдары компаниясының капитаны Игорь Кшнякиннің қызы Дарья Кшнякина әкесі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әке, сен менің қаһарманымсың, әрдайым жүрегімде боласың. Сен ондаған адамның өмірін құтқару үшін бар күшіңді салып, өз өміріңді құрбан еттің. Сен өте мықтысың және мен әрдайым сен сияқты әкем болғанына мақтанамын. Сен өте көңілді едің, біз үшін барлығын жасайтынсың, бізді бақытты етуді ғана қалайтынсың. Ең жақсы әкесің! Сенің жаның жаннатта болатынына сенемін, – деп жазды Дарья Кшнякина.
Айта кетейік, бұған дейін Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы Ақтау маңында апатқа ұшығараған ұшақты 15 мың сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар білікті маман Игорь Кшнякин басқарғанын хабарлаған еді.
Еске салсақ, Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Баку - Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатып, 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде бес экипаж мүшесі және 62 жолаушы. Ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты, 29 адам аман қалды.