2025 жылды қалай дұрыс жоспарлау керек? Нумеролог жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Болашаққа хат жазып қойсаңыздар болады

Фото: Талғат Жанысбай

«Жаңа жылдан бастап өмірімді өзгертемін», «1 қаңтардан бастап тіл үйренемін, көлік сатып аламын» деген сияқты жоспарды адамдар желтоқсан айының соңына қарай жиі айта бастайды. Бұл қаншалықты дұрыс? Осы сұраққа «Хабар» арнасындағы «Оян» бағдарламасында белгілі нумеролог Құралай Бақыт жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылды қарсылар алдында бірнеше техникалық әдістерді жасап көрсек болады. Сіздерге үш кеңесім бар: Бірінші, жаңа жыл алдында ескі жылға алғыс айтып, қайыру керек. Есеп беру қажет. Биыл қандай адамдармен таныстыңыздар? Қандай білім алдыңыздар? Қандай достар таптыңыздар? Өткен жылға алғыс айтуымыз керек, - дейді Құралай Бақыт.

Адамдар жаңа жыл алдында жоспар құруды, мақсат айтуды ұмытып жатады. Тіпті тілек айтпайтын кездер де бар. 

Достар уақыт бар кезде болашаққа хат жазып қойсаңыздар болады. Болашаққа ат беру деген жақсы техника бар. Сағат тілі дәл 12:00 болғанда әлем елдерінің президенттері халқын құттықтап, жолдау жасайды. Сосын жылға ат береді. Әр адам осылай істеп, жылға ат берсе, сол жылдың берері көп болады, - нумеролог.

Одан кейін алдағы 12 ай жоспар құру керек екен. Қай айда демалысқа шығасыз, қай айда қаржылық сауаттылықты арттырып бизнес бастайсыз.Бәрін нақты қадаммен жазу керек екен. Сол кезде жыл нәтижелі болады.