Бұның салдарынан жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген
Алматылық 1 656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқығы бұзылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Түрксіб ауданының прокуратурасы мәлімдеп отыр.
“Қаланың ірі жолаушылар тасымалдаушысының 1 656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқықтарына нұқсан келтірген еңбек заңнамасын бұзушылықтарды анықталды. Бұзушылықтар үстеме жұмыстардың шекті санынан асып кетуінен, ауысымаралық демалыстың ұзақтығының қысқаруынан және жүргізушілерге демалыс күндерін бермеуінен көрінді. Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Талдау нәтижелері бойынша тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтар жойылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазіргі таңда қызметкерлердің еңбек құқықтары толықтай қалпына келтірілген.
1