Киноға бөлінетін қаражаттың 30%-ы «Қазақфильмге» бағытталады – Аида Балаева

Qaz365.kz редакциясы

Президент бірқатар серпінді қағиданы қамтитын заңға қол қойды

Фото: instagram.com/qazaqfilm.kz

Бүгін президент Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір заңға қол қойған болатын. Аталған заңда «Қазақфильм» киностудиясы дамудың жаңа кезеңіне көрсетілген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева түсіндіріп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысына қатысты, сонымен қатар бірқатар серпінді қағиданы қамтитын заңға қол қойды.

«Шәкен Айманов атындағы басты киностудия «Қазақфильмнің» жұмысы жаңа даму кезеңіне қадам баспақ. Енді жыл сайын еліміздегі фильмдерге бөлінетін жалпы қаржының кем дегенде 30 пайызы тікелей «Қазақфильмге» бағытталады. Бұл киностудияның жұмысының тиімді әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты болуына мүмкіндік береді», – деді министр.