Қызылордада мұғалім әйел кісі қолынан қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Мұғалімінің өліміне күйеуі күдікті болып отырған көрінеді.

Фото: almaty.tv

Қызылордадағы Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектеп ұжымы бастауыш сынып мұғалімі Анар Серікқызы Шәленова кісі қолынан қаза тапты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Марқұмның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Анар Серікқызы – тек әріптес қана емес, балаларына үлгілі ана, әріптестеріне мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді.  Марқұмның иманы саламат болып, артында қалған балаларына ұзақ ғұмыр берсін, -делінген мектептің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал degdar-news.kz сайтының жазуынша, марқұмның 4 және 8 жасар балалары қалған. Мұғалімінің өліміне күйеуі күдікті болып отырған көрінеді.

Қызылорда облыстық полиция департаменті: «Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде.Қазақстан ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді» деп қысқа қайырған.