Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясы салынады

Qaz365.kz редакциясы

Қазір 22 ЖЭК нысаны жұмыс істейді

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Masdar компаниясының өкілдерімен кездесті, передает Qaz365.kz.

Компания өңірде энергия сақтау жүйесі бар 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда. 

Masdar жобасының менеджері ЕрнұрЖиенбаев аралық нәтижелер туралыбаяндады. 

Жобаның алдын ала құны – 742 млрд. теңге. Қазіргі таңда жел электр станциясыныңаумағында геотехникалық жұмыстаржүргізілуде. Ірі ЖЭК объектісінің құрылысын 2026 жылы бастау жоспарлануда. 

Сондай-ақ Е. Жиенбаев Жамбыл облысында компанияның ауқымын кеңейту және «жасыл» энергетика саласында инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары туралы атап өтті. 

Облыс әкімі жел паркінің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Компания өкілдерімен әңгімелесу барысында Ербол Қарашөкеев кадрларға деген қажеттілікті алдын ала сараптап, өңіртұрғындарының арасынан мамандарды даярлау мақсатында жергілікті жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату қажеттігін баса айтты.

Қолайлы инвестициялық ахуал мен мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірде ЖЭК секторы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 571,3 МВт болатын 22 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.